Тізілімнің әртүрлі бөлімдерінің деректерін (жекешелендіру объектілерінің тізілімі; мемлекеттік мүлікті жалдау және сенімгерлік басқару шарттарының тізілімі; концессия және мемлекеттік - жекешелік әріптестік шарттарының тізілімі; меншіктің мемлекеттік мониторингі және т.б.) өзгерту үшін мемлекеттік мүлік тізіліміне (бұдан әрі-тізілім) қол жетімділігі тіркелген пайдаланушыларға, оларға
Қазақстанның Ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбалары (бұдан әрі - ҰКО ЭЦҚ) болған кезде беріледі.
Пайдаланушының алдын ала тіркелуінен және оның Тізілімнің әр түрлі бөлімдерімен жұмыс істеу құқықтары анықталғаннан кейін жоғарыда көрсетілген жазбаша өтінімде көрсетілген Пайдаланушының дербес электрондық мекенжайына жеке тұлғаға берілген ҰКО ЭЦҚ пайдалана отырып, тізілімде тіркеуге шақыру арқылы электрондық хабарлама жіберіледі. Пайдаланушыны тіркеу кезінде жүйе жазбаша өтінімде және ҰКО ЭЦҚ көрсетілген мәліметтерді салыстыруды жүзеге асырады.